jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ресей мен АҚШ делегациясы Сауд Арабиясында келіссөз жүргізуді бастады (фото, видео)

келіссөз басталды
АҚШ пен Ресей делегациясының Эр-Риядтағы кездесуі. Фото: t.me/MID_Russia

Ресей делегациясы АҚШ өкілдерімен келіссөз жүргізу үшін Эр-Риядқа барды, деп хабарлайды Ресей Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы арнасында Ресей делегациясының АҚШ өкілдерімен келіссөздер жүргізу үшін Эр-Риядқа барғанын хабарлады.

Сергей Лавров
Сергей Лавров. Фото: t.me/MariaVladimirovnaZakharova

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, екі ел өкілдері король әулетінің сарайларының бірі – Албасатин кешеніндегі Дирия сарайында кездесті.

РБК мәліметінше, ресейлік тараптан Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков пен сыртқы істер министрі Сергей Лавров келген. Келіссөзге Ресейдің тікелей инвестиция қорының басшысы Кирилл Дмитриев те қатысып жатыр.

Ал америкалық тараптан АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц және Ақ үйдің Таяу Шығыстағы өкілі Стив Виткофф бар.

Келіссөзге, сонымен қатар Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Сауд пен Сауд Арабиясының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мусаид бен Мұхаммед әл-Айбан қатысып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.