jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Украина ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасағанын ресми түрде растады

МӨЗ
МӨЗ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Украина қарулы күштерінің бас штабы әлеуметтік желіде 17 ақпанда ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына, соның ішінде "Кропоткинская" станциясына соққы жасағанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Украина қарулы күштері бас штабының Facebook парақшасында жарияланды.

"Кеше Украина қорғаныс күштері Ресейдегі стратегиялық әскери және отын-энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жоғары дәлдіктегі соққы жасады.

Сәтті операция нәтижесінде Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Ильский мұнай өңдеу зауыты зақымданды. Нысанда ауқымды өрт тіркелді.

"Кропоткинская" және "Андреаполь" мұнай айдау станцияларына да соққы жасалды. Олар соққыдан кейін істен шықты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің Бас штабы "Украина қорғаныс күштерінің Ресейдің қарулы агрессиясына ықпал ететін стратегиялық нысандарға соққы беруге құқығы барын" хабарлады.

"Ресейдің заңсыз соғысын қолдайтын энергетикалық инфрақұрылымды жою операциялары жалғасады", - деп жазылған жарияланымда.

Украина ресейлік мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасағанын ресми түрде растады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.