jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қытайда Азиядағы ең терең ұңғыманы бұрғылау аяқталды

Қытай туы
Қытай туы. Фото: Рixabay.com

Қытайда тереңдігі 10 910 метр болатын Азиядағы ең терең зерттеу ұңғымасын бұрғылау аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Қытай Азиядағы ең терең ұңғыманы бұрғылауды аяқтады, оның тереңдігі 10 910 метрге жеткен.

Бұған дейін Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан ұңғыма геологиялық ғылыми зерттеулерге арналғаны айтылған болатын.

The Guardian басылымының жазуынша, бұл жоба елдің ғарыштағы және жер астындағы жаңа шекараларды зерттеуге бағытталған жұмыстарының бір бөлігі. Басылымның мәліметінше, 2021 жылы Қытай төрағасы елдің жетекші ғалымдарын әртүрлі саладағы, соның ішінде Жерді терең зерттеудегі жаңа кедергілерді еңсеруге шақырған.

Айта кетейік, CNN-нің хабарлауынша, 2023 жылғы жағдай бойынша ең терең ұңғыма рекорды әлі күнге Ресейдің солтүстік-батысындағы қазір істен шыққан Кольская супертерең ұңғымасына тиесілі, бұл кеңес дәуіріндегі ғылыми бұрғылау жобасы, оны жүзеге асыруға 20 жыл кеткен, ал тереңдігі 12 262 метр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Астана, Алматы қалалары мен Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарындағы жердің сілкінуіне Қытайдағы бұрғылау жұмыстары әсер етті деген нұсқалар талқыланған болатын. Бұл қауесетке сейсмолог Нұрсәрсен Өзбеков түсінік берді.

"Осындай магнитудасы 6,4, ошағындағы энергетикалық классы 15,1 болатындай оқиға деуге негіз жоқ. Бұны қуаттылық жағынан бірнеше атом бомбасының жарылуымен салыстыруға болады.

Ал терең ұңғымаларды бұрғылаудан туындауы мүмкін деген мәлімдеме – жер қыртысының терең қабаттарында болатын процестерге де әсер етпейді. Сондықтан бұл жер сілкінісін жасанды деп санауға негіз жоқ. Бұл табиғи сейсмикалық процесс", - деді Өзбеков.

Сейсмологтар Қытайда жер сілкінісі салдарынан 5 мыңға жуық афтершок болғанын атап өтті. Қазақстандықтар оның 14-ін ғана сезді.

Қытайда Азиядағы ең терең ұңғыманы бұрғылау аяқталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.