RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ақ үй Зеленский мен Трамп арасындағы сөзталасқа қатысты мәлімдеме жасады (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақ үй
Ақ үй. Фото: Rudy Sulgan/Getty Images

Ақ үй Владимир Зеленский, Дональд Трамп және Джей Ди Вэнс арасында туындаған сөзталасқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Марго Мартинге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хабарламаны X платформасында президенттің арнайы көмекшісі және коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Марго Мартин жариялады.

"Президент Трамп пен вице-президент Вэнс қашан да Американы және біздің әлемдегі ұстанымымызды құрметтейтіндерді қолдайтын болады. Американы ешкім ешқашан пайдалана алмайды", - деп жазды Мартин Зеленский, Трамп пен Вэнстің кездесуінен видеоны қоса тіркей отырып.

Еске салсақ, 28 ақпанда Зеленский, Трамп пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украина мен Ресей арасында бейбітшілік қарым-қатынас орнату мәселесі бойынша кездесу өткізіп, басқосу соңы дау-дамайға ұласқан болатын.

Бұған дейін келіссөздер алдында екі ел президенті БАҚ сұрақтарына жауап берген. Украина президенті Путинмен келісу мүмкін еместігін жеткізген. Трамп болса, әлем "үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұрғанын" мәлімдеген.

Сөзталастан кейін Трамп Зеленскиймен баспасөз конференциясын болдырмай тастады. Украина делегациясы Ақ үйден кетті.

"Бүгін Ақ үйде аса маңызды кездесу өтті. Біз көп нәрсені білдік, мұны басқа жағдайда түсіну мүмкін емес. Мен президент Зеленский Американың қатысуымен бейбітшілік орнатуға дайын емес деген қорытынды жасадым, себебі біздің бұл іске араласуымыз Зеленскийге артықшылықтар беретінін ол түсінеді. Ал маған артықшылықтар керек емес, маған бейбітшілік керек. Ол АҚШ-қа құрметсіздік танытты. Ол бейбітшілік орнатуға ниет танытқан кезде, қайта келе алады", - деп жазды Трамп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2224668-aq-ui-zelenskii-men-tramp-arasyndagy-soztalasqa-qatysty-malimdeme-zhasady-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif