RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Зеленский Трамппен кикілжіңнен кейін өз желі парақшасында жазба жариялады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Mert Gokhankoc / dia images via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен болған кикілжіңнен кейін алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Рахмет, Америка, қолдауың үшін рахмет, осы сапар үшін рахмет. Президентке, Конгресске және Америка халқына рахмет. Украинаға әділ әрі тұрақты бейбітшілік керек, біз сол үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деп жазды Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде.

Еске салсақ, 28 ақпанда Зеленский, Трамп пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украина мен Ресей арасында бейбітшілік қарым-қатынас орнату мәселесі бойынша кездесу өткізіп, басқосу соңы дау-дамайға ұласқан болатын.

Бұған дейін келіссөздер алдында екі ел президенті БАҚ сұрақтарына жауап берген. Украина президенті Путинмен келісу мүмкін еместігін жеткізген. Трамп болса, әлем "үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұрғанын" мәлімдеген.

Сөзталастан кейін Трамп Зеленскиймен баспасөз конференциясын болдырмай тастады. Украина делегациясы Ақ үйден кетті.

Көп ұзамай Ақ үй бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасады. Ақ үй хабарламасында Американы ешкім ешқашан пайдалана алмайтыны сөз етілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2224671-zelenskii-tramppen-coztalastan-keiin-oz-zheli-paraqshasynda-zhazba-zhariialady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif