jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ақ үй АҚШ Украинаға әскери көмекті қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді (видео)

Ақ үй
Ақ үй. Фото: pexels.com

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Fox News арнасына cұхбатында АҚШ үкіметі Украинаның Ресеймен қақтығысын қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді. Ол бұған Вашингтонның бейбіт келіссөздерді көздеп отырғаны себеп болғанын алға тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біз бұдан былай нақты, ұзақ уақытқа созылатын бейбітшілік орнамаса, бізден шалғайда болып жатқан соғысқа жайдан-жай чек жазуды доғарамыз...

Бейбіт келіссөздер екі жақтан да кей тұстарда көндігуді қажет етеді, бірақ Украина президенті Владимир Зеленский мұны түсінбейді. Ал Дональд Трамп екі жақтың да үстел басына отырып, диалог бастауын талап ететін бейбітшілікке қол жеткізгісі келеді", - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

Кэролайн Ливитт Украина басшысын "қырсық келіссөзші" деп атап, оны Дональд Трамппен кездесу барысында сөз таластырғаны үшін айыптады.

Еске салсақ, 28 ақпанда Зеленский, Трамп пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украина мен Ресей арасында бейбітшілік қарым-қатынас орнату мәселесі бойынша кездесу өткізіп, басқосу соңы дау-дамайға ұласқан болатын.

Бұған дейін келіссөздер алдында екі ел президенті БАҚ сұрақтарына жауап берген. Украина президенті Путинмен келісу мүмкін еместігін жеткізген. Трамп болса, әлем "үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұрғанын" мәлімдеген.

Сөзталастан кейін Трамп Зеленскиймен баспасөз конференциясын болдырмай тастады. Украина делегациясы Ақ үйден кетті.

Көп ұзамай Ақ үй бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасады. Ақ үй хабарламасында Американы ешкім ешқашан пайдалана алмайтыны сөз етілген.

Владимир Зеленский де Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен болған кикілжіңнен кейін алғашқы мәлімдемесін жасап, жазба жариялады.

Ақ үй АҚШ Украинаға әскери көмекті қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.