Bloomberg: Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатуға бұйрық берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтатуға бұйрық берді. Бұл Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы даудан кейін, бірнеше күннен соң болып отыр, деп хабарлайды Bloomberg агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Агенттіктің аты-жөні жасырын қалғанын қалаған АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі жоғары лауазымды шенеунікке сілтеме жасап жазуынша, "Трамп ел басшыларының бейбітшілікке қатысты ниеті адал әрі бұлжымас екеніне көз жеткізбейінше", Украинаға әскери көмектің барлығын тоқтата тұрады.
Шенеуніктің айтуынша, Украинаға әлі жеткізілмеген АҚШ-тың барлық әскери техникасы, соның ішінде ұшақтар мен кемелерде тұрған немесе Польшадағы транзиттік аймақтарда жөнелтілуін күтіп тұрған қару-жарақтар АҚШ-қа қайтарылады.
"Трамп қорғаныс министрі Пит Хегсетке бәрін тоқтата тұруды бұйырды", - деп жазады басылым дереккөзге сілтеме жасап.
Мақалада Еуропаның Украинаға беретін қару түрлерінің жеткіліксіз екені айтылған. Еуропалық шенеуніктердің пайымдауынша, Еуропа берген қару-жарақ тек жазға дейін жетеді.
Сондай-ақ агенттік Трамптың бұйрығы көмек көлеміне қаншалықты әсер ететіні әлі белгісіз екенін де жазған.
Естеріңізге сала кетсек, 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізу үшін Ақ үйге келді.
Алайда келіссөздердің алдындағы кездесу дауға ұласқан еді.
Украина президенті Путинмен келісу мүмкін еместігін жеткізді. Трамп әлем "үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұрғанын" мәлімдеді.
Бұл даудан кейін екі ел президенттерінің келіссөздерден кейін өтуі тиіс болған бірлескен баспасөз мәслихаты өтпейтіні, Зеленскийдің шұғыл Ақ үйден шығып кеткені белгілі болды.
Көп ұзамай Ақ үй бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасады.
Владимир Зеленский де Ақ үйде болған кикілжіңнен кейін алғашқы мәлімдемесін жасап, жазба жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2225238-bloomberg-tramp-ukrainaga-barlyq-askeri-komekti-toqtatuga-buiryq-berdi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде