Зектілері

Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздер басталды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
келіссөздер
Келіссөздер басталды. Видеодан кадр: Украина СІМ баспасөз қызметі

Сауд Арабиясының Жидда қаласында Украина және АҚШ делегацияларының кездесуі басталды - бұл туралы Украина сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Келіссөздердің басталғаны туралы ақпарат Украинаның Сыртқы істер министрлігінің Telegram-дағы арнасында хабарланды.

АҚШ делегациясын мемлекеттік хатшы Марко Рубио бастап келген. Оның қасында Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Вальц жүр.

Украина делегациясының құрамында президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак, оның орынбасары Павло Палиса, сыртқы істер министрі Андрей Сыбиха және қорғаныс министрі Рүстем Умеров бар.

CNN-нің хабарлауынша, кездесу Ritz-Carlton қонақүйінде өтіп жатыр.

Ақпарат бойынша ресми тұлғалар журналистердің АҚШ-тан берілетін әскери көмектің тоқтатылғаны және Украинаның ішінара атысты тоқтату туралы ұсынысына қатысты сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.

Айта кетейік, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина уақытша бітім келісімі аясында 2014 жылдан бері Ресей басып алған аумақтардан бас тартуға мәжбүр болады деген пікірде. Бұл туралы Рубио Украина делегациясымен келіссөздер жүргізу үшін Сауд Арабиясына сапары алдында айтқан.

Еске сала кетейік, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт АҚШ үкіметі Украинаның Ресеймен қақтығысын қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеген болатын. Ол бұған Вашингтонның бейбіт келіссөздерді көздеп отырғаны себеп болғанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2227079-saud-arabiiasynda-aqsh-pen-ukraina-arasyndagy-kelissozderi-bastaldy-video/