Зектілері

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили 9 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Михаил Саакашвили
Михаил Саакашвили. Фото: Vincent Mundy / Bloomberg via Getty Images

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили мемлекет қаражатын ысырап етті деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

РИА Новости агенттігінің жергілікті телеарнаға сілтеме жасап жазуынша, Саакашвилиге мемлекет қаржысын ысырап етті деген айып 2014 жылы тағылған.

Іс материалдарына сәйкес, Саакашвили президент болған тұста мемлекет қаражатына пиджактар, пальто, қолға тағатын сағат алған. Сондай-ақ ұлының оқу ақысын төлеп, косметикалық процедурлар жасатып, қымбат авткөліктер мен ұшақты жалға алған.

Грузияда "Пиджактар ісі" деген атпен белгілі істі Тбилиси қалалық соты қарап, экс-президентті 9 жылға бас бостандығынан айырған.

ТАСС агенттігінің жазуынша, Саакашвилидің өзі сот отырысына келмеген, бейнеконференция байланысы арқылы да қосылмаған.

Сонымен қатар сот Саакашвилидің күзет қызметінің бұрынғы басшысы Теймураз Жанашияны да кінәлі деп тапқан, бірақ оған айыппұл салынған.

Естеріңізге сала кетейік, Михаил Саакашвилидің Грузия аумағында ұсталғаны туралы 2021 жылғы қазанда белгілі болды. Саясаткер отанына Украинадан оралған еді. Содан бері экс-президент бірнеше рет аштық жариялап, тоқтатты. Туыстары оның денсаулығы нашарлап кеткенін бірнеше рет айтқан еді.

Грузияда Михаил Саакашвилиге қатысты бес қылмыстық іс қозғалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2227322-gruziianyng-buryngy-prezidenti-mihail-saakashvili-9-zhylga-sottaldy/