jitsu gif

Трамптың арнайы өкілі мінген ұшақ Мәскеуге қонды

Ұшақ қанаты
Ұшақ қанаты. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Виткофф мінген ұшақ Ресей әуежайына қонды, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Виткоффтың ұшағы Мәскеудегі Внуково-2 әуежайына қонған.

Бұған дейін басылым таңертең Катардан ұшып шыққан АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Виткофф мінген Gulfstream G650ER ұшағы Ресей шекарасын кесіп өткенін хабарлаған.

АҚШ өкілдерінің келетініне қатысты бүгін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков те түсінік берді.

"Шынында да келіссөз жүргізетіндер ұшып келе жатыр және кездесу жоспарланып отыр", - деді ол журналистерге.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Украинадағы атысты тоқтату шарттарын талқылау үшін Ресейге АҚШ өкілдерін жібергенін айтқан болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.