jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Израиль екі ай бітімгершіліктен кейін Газаға қайта соққы жасай бастады

ЦАХАЛ
ЦАХАЛ. Көрнекі сурет:: Amir Levy / Getty Images

Израиль қорғаныс әскері (ЦАХАЛ) "саяси жағдайға сәйкес" Газа секторындағы ХАМАС нысандарына жаппай соққы беруді қайта бастағанын хабарлады, деп жазады РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ЦАХАЛ-дың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасаған басылым ақпаратына сәйкес, әскер 18 наурыздан бастап эксклавпен шекараға жақын орналасқан Израиль елді мекендеріндегі оқу орындарының жұмысын уақытша тоқтатуға бұйрық берді.

Израиль премьер-министрінің кеңсесі ХАМАС АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Стив Уиткофф пен басқа да өкілдердің "барлық ұсынысын қабылдамады" деп мәлімдеді.

Араб тіліндегі БАҚ Израиль әуе күштерінің соққысынан қазірдің өзінде бірнеше адамның қаза тапқанын хабарлады.

Еске салсақ, 19 қаңтарда Израиль мен ХАМАС Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын. Келісімге сәйкес 33 Израиль азаматы кепілге алынған 1900-ға жуық тұтқынға айырбасталып, босатылуы керек еді, олардың дені Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтар.

ХАМАС барлығы 16 израильдікті босатып, 17-сі топтың қолында қалды. Израильдік деректерге сәйкес, осы 17 адамның сегізі қаза тапқан, яғни Израиль тағы тоғыз адамды қайтарып алудан үміттенген.

ХАМАС ақпан айының басында тағы үш израильдікті босатуы керек еді, бірақ топ Израиль тарабын келісімнің шарттарын орындамады деп айыптап, кепілге алынғандарды босатудың келесі кезеңін белгісіз уақытқа кейінге шегеретінін хабарлады.

Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп ХАМАС-ты кепілге алынғандардың барлығын босатуға шақырды. Ол бұл шарт орындалмаса, Газа секторындағы атысты тоқтату келісімі жойылатынын айтты.

Нетаньяху да егер ХАМАС кепілге алынғандарды босатпаса, Израиль Газадағы соғысты қайта бастайтынын мәлімдеді.

Өткен аптада ХАМАС Израиль-АҚШ қосарлы азаматтығы бар кепілген алынған адамдарды босатуға дайын екенін мәлімдеді. Әңгіме тұтқында қалған соңғы тірі америкалық азамат төңірегінде болуы керек. Алайда Израиль тарабы бұл мәлімдемені манипуляция деп атады.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды
Израиль екі ай бітімгершіліктен кейін Газаға қайта соққы жасай бастады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.