jitsu gif branding logo appbranding logo app

Путин Украинаның энергетика инфрақұрылымы нысандарына соққы жасауды уақытша тоқтату туралы бұйрық берді

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Brendan Smialowski / AFP via Getty Images

РФ президенті Владимир Путин Дональд Трамптың Ресей мен Украинаның 30 күндік мерзімге бітімге келу идеясын қолдап, әскерилерге Украинаның энергетика инфрақұрылымына соққы жасауды тоқтатуға бұйрық берді.

РБК хабарлауынша, Кремльдің Дональд Трамп пен Владимир Путиннің бүгінгі телефон арқылы тілдесуіне қатысты берген ақпаратына сай, екі ел басшысы Украинадағы жағдайға қатысты ашық әрі егжей-тегжейлі әңгімелескен. Қос президент қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі екенін білдірген.

Келіссөз нәтижелері бойынша Путин Трамптың Ресей мен Украинаның 30 күнге бітімге келіп, энергетика инфрақұрылымы нысандарына соққы жасаудан бірлесе бас тарту идеясын қолдап, әскерилерге бұйрық берген. Одан бөлек Ресей жақсы ниет нышаны ретінде Киевке ауыр жарақат алған 23 украиналық әскериді тапсырмақ.

Сонымен бірге Владимир Путин америкалық әріптесі Дональд Трампқа 19 наурызда Ресей мен Украина "175-ке 175" формуласы бойынша тұтқындар айырбасын жүзеге асыратынын мәлімдеді.

Соңғы рет Мәскеу мен Киев тұтқындар айырбасын 5 ақпан күні жасаған. Ол кезде Ресейге 150 әскери қызметкер қайтарылған. Дәл сонша әскери тұтқын Киевке тапсырылды.

Еске салсақ, бүгін Астана уақытымен сағат кешкі 19:00-де Путин мен Трамп телефон арқылы тілдескен болатын. Олардың әңгімесі 1,5 сағаттан астам уақытқа созылды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.