jitsu gif branding logo appbranding logo app

Cтамбұл мэрі қашанға дейін қамауда отыратыны белгілі болды

Экрем Имамоглу
Экрем Имамоглу. Фото: Tunahan Turhan/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу алдағы төрт күн бойы қамауда болады, деп хабарлайды CNN Türk телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қамауға алу мерзімі 4 тәулікке созылады деген ақпарат бар. 106 адамды ұстауға ордер берілді, қазір 84 адам ұсталды. Экрем Имамоглу мен онымен бірге ұсталғандарды төрт күн бойы полиция күзетеді", - делінген телеарна таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, Түркияда арнайы операция кезінде Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу мен оның баспасөзбен байланыс жөніндегі кеңесшісі Мурат Онгун ұсталып, сотқа жеткізілді. Іс бойынша барлығы 100 күдікті бар.

CNN Turk агенттігі қала мэрін тұтқындауға не себеп болғанын хабарлады.

"Оппозиция өкілі, Стамбұл мэрі Экрем Имамоглу сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен және параға сатып алумен айналысқан ұйымға қатысты ісі бойынша ұсталған. Имамоглудың үйінде тінту шаралары жүргізіліп, оны полиция қызметкерлері сот ғимаратына жеткізді", - деп мәлім еткен телеарна.

Айта кетейік, Экрем Имамоглу оппозициялық партия – Республикалық халық партиясының (CHP) праймеризінде жалғыз кандидат болған. Ол президент сайлауына билік партиясынан түсетін болашақ кандидаттың басты қарсыласы саналған еді.

Экрем Имамоглу былтыр сәуірде өткен Стамбұл мэрін сайлауда жеңіске жеткен болатын. Осыған дейін ол қаланы 5 жыл басқарған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.