jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақ үй Наурызды тойлайтын барша халықты мейраммен құттықтады

Ақ үй
Ақ үй. Фото: Andrew Caballero-Reynolds/AFP via Getty Images

Ақ үй Наурыз мейрамымен құттықтау хабарламасын жариялады. АҚШ президентінің баспасөз қызметі ресми сайтында "парсы халқының қоғамның дамуына қосқан үлесін" атап өтіп, Наурызды тойлайтын барша халықты мейраммен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақ үйдің баспасөз қызметі президент атынан "АҚШ-та және бүкіл әлемде ежелгі Наурыз мейрамын тойлайтындардың барлығына" жылы лебізін білдірді.

"Наурыз – парсы халқы үшін көктемнің басталуын және Жаңа жыл келгенін білдіретін қуанышты оқиға. Ежелден келе жатқан бұл дәстүр өткен жылдың бар игілігін ой елегінен өткізіп, алдағы көктемге оптимистік рухпен дайындалатын уақыт.

Парсы халқы өзінің жарқын мәдениетімен және математика, ғылым, заң, технология және өнер сияқты салалардағы ерекше таланттарымен қоғамға өлшеушіз үлес қосып жатыр. Америка Құрама Штаттарының атынан осы қуанышты мейрамда жылы лебізімді білдіремін", - делінген хабарламада.

Ақ үй Наурызды тойлайтын барша халықты мейраммен құттықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.