jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркіменстан президенті қасиетті Қадір түніне орай 300-ден аса сотталушыға рақымшылық жасады

түрме
Түрме. Көрнекі фото: Jordan Lye/Getty Images

Түркіменстан президенті Сердар Бердымұхамедов қасиетті Қадір түніне орай 321 сотталушыға рақымшылық жасады, деп хабарлайды Turkmenportal-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, 21 наурызда ел президенті Сердар Бердымұхамедов министрлер кабинетінің кезекті отырысын өткізген. Цифрлық форматта өткен жиында өзекті мәселелер қаралған.

Отырыс барысында Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Түркіменстан президенті жанындағы азаматтық және рақымшылық жасау мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау комиссиясының төрағасы Б.Гундогдыев қасиетті Қадір түніне орай сотталушыларға рақымшылық жасау жөніндегі комиссия жұмысының қортындысы туралы баяндама жасаған.

Баяндаманы тыңдаған президент Сердар Бердымұхамедов жылдағы дәстүр бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан елдің 321 азаматына рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойған.

Сондай-ақ ол комиссия төрағасына құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, рақымшылық жасалған адамдарды уақытылы босатуды және отбасыларымен қауышуды ұйымдастыруды тапсырған.

Бұдан бөлек, Түркіменстан президенті рақымшылық жасалған адамдарды еліне адал қызмет етуге шақырған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.