jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Мысырда 45 турист мінген батискаф теңізге батып кетті: қаза тапқандар бар (фото, видео)

суға батқан суасты кемесі
Суға батқан батискаф. Фото: t.me/shot_shot

Бүгін Мысырдың Хургада қаласында 45 Ресей азаматы мінген батискаф батып кетті. Төрт адам көз жұмған, қалған туристерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хургададағы Ресей консулдығының Telegram-дағы арнасы хабарлағандай, 27 наурызда шамамен сағат 10:00-де жағалаудан 1 шақырым жерде қонақүйге тиесілі "Синдбад" батискафқа апатқа ұшырады.

"Батискаф маржан рифіне кезекті суасты экскурсиясында болған. Кеме бортында экипаждан басқа 45 турист, оның ішінде кәмелетке толмағандар болған. Олардың барлығы Ресей азаматтары.

Бастапқы ақпарат бойынша борттағылардың көпшілігі құтқарылып, Хургададағы қонақүйлері мен ауруханаларға жеткізілді. Олардың денсаулық жағдайы алаңдаушылық тудырмайды. Төрт адам қайтыс болды. Бірнеше туристің тағдыры анықталып жатыр", - деп хабарлады консулдық.

Ресей бас консулдығының дипломаттары қонақүйге аттанды.

Telegram-дағы SHOT арнасының мәліметінше, қаза тапқандар саны 6-ға жетті. Батискаф бортында 15 бала болған, деп жазады авторлар.

Батып кеткен батискафта болғандар 500 метрлік маржан рифін тамашалау үшін 25 метр тереңдікке түсуі керек еді.

Айта кетейік, Telegram-дағы BAZA арнасы да 6 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, дәл осындай оқиға былтыр күзде Мысырда болған еді. Қызыл теңіздің Марса әл-Алам жағалауында 30-дан астам турист пен 14 экипаж мүшесі бар яхта апатқа ұшыраған болатын.

Мысырда 45 турист мінген батискаф теңізге батып кетті: қаза тапқандар бар (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.