Мьянмада жер сілкінісінен кейін ұзындығы бір шақырымнан асатын көпір опырылды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мьянмада бүгін болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан ұзындығы бір шақырымнан асатын көпір опырылды.
РИА Новости агенттігінің жазуынша, опырылған көпір Мьянманың солтүстік-батысындағы Сагайн қаласында орналасқан. Көпір ірі қалалар – Сагайн мен Мандалайды байланыстырады.
ТАСС-тың мәліметінше, көпірдің ұзындығы бір шақырымнан асады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы – 7,7. Бұдан кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген. Мьянмада төтенше жағдай жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2231322-mianmada-zher-silkinisinen-keiin-uzyndygy-bir-shaqyrymnan-asatyn-kopir-opyryldy-foto-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде