jitsu gif branding logo appbranding logo app

Мьянмада жер сілкінісінен кейін ұзындығы бір шақырымнан асатын көпір опырылды (фото, видео)

Опырылған көпір
Опырылған көпір. Фото: x.com/NightPhoomin

Мьянмада бүгін болған жойқын жер сілкінісінің салдарынан ұзындығы бір шақырымнан асатын көпір опырылды.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, опырылған көпір Мьянманың солтүстік-батысындағы Сагайн қаласында орналасқан. Көпір ірі қалалар Сагайн мен Мандалайды байланыстырады.

ТАСС-тың мәліметінше, көпірдің ұзындығы бір шақырымнан асады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мьянмада жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,7. Бұдан кейін магнитудасы 6,4 болатын тағы бір жерасты дүмпуі тіркелген. Жер сілкінісі Таиланд астанасы Бангкокта да сезілген. Мьянмада төтенше жағдай жарияланды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.