RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Арасында әйел бар": Сирияның жаңа үкіметінің құрамы жарияланды

Жарияланған күні:

Сирияның жаңа үкіметінің таныстырылуы
Сирияның жаңа үкіметінің ан қабылдау рәсімі. Фото: Bakr Al Kasem/Anadolu via Getty Images

Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа елдегі жаңа үкіметтің құрамын таныстырды, деп жазады kazinform.kz.

Бұл туралы 29 наурызда SANA агенттігі хабарлаған.

Аш-Шарааның жақтастары Министрлер кабинетіндегі көпшілік орынға ие болды. Аш-Шара жаңа үкіметті "құру және өзгерту үкіметі" деп атады.

Министрлер арасында бір әйел бар. Христиан азшылығының өкілі және Башар Асад режиміне ұзақ уақыт қарсылас болған Хинд Кабават Сирияның Әлеуметтік істер және еңбек министрі болып тағайындалды.

Аш-Шараа ел тізгінін қолға алған кезде сайланған Сыртқы істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің басшылары өз қызметтерін сақтап қалды.

Сирияның уақытша басшысы үкіметтің негізгі басымдықтары Сирияны "қалпына келтіру" және "ұлт пен әрбір азаматтың мүдделеріне кепілдік беретін күшті және тұрақты мемлекет" құру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресу, армияны дамыту және экономиканы нығайту болады деп баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2231595-arasynda-aiel-bar-siriianyng-zhanga-ukimetining-quramy-zhariialandy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif