Трамп Қазақстанға және әлемнің 180-нен астам еліне баж салығын енгізетінін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақ үйде өткен баспасөз жиынында АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар елге, соның ішінде Қазақстанға да баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл тізімде Ресей аталмаған, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өз сөзінде Трамп әр түрлі елдерге арналған тарифтер жазылған кестені көрсетті. Онда тарифтер 50 пайызға дейін жетеді. Кестеде АҚШ-тың тарифтері басқа елдердің АҚШ-қа қатысты бекіткен баж салығынан екі есе төмен деңгейде белгіленген.
Бұрынғы КСРО елдері үшін әр түрлі тарифтер енгізілді:
- Молдова – 31 пайыз,
- Қазақстан – 27 пайыз;
- Армения – 10 пайыз;
- Әзербайжан – 10 пайыз;
- Грузия – 10 пайыз;
- Өзбекстан – 10 пайыз;
- Түрікменстан – 10 пайыз;
- Қырғызстан – 10 пайыз;
- Тәжікстан – 10 пайыз;
Тізімде Ресей мен Беларусь аталмаған. АҚШ қаржы министрі бұл елдердің тізімге неліктен енбегенін кейінірек түсіндірді.
Тарифтер бұрынғы КСРО елдерінен бөлек мына елдерге қарастырылған:
- Қытай – 34 пайыз;
- Еуропалық Одақ – 20 пайыз;
- Үндістан – 26 пайыз;
- Вьетнам – 46 пайыз;
- Тайвань – 32 пайыз;
- Жапония – 24 пайыз;
- Оңтүстік Корея – 25 пайыз;
- Таиланд – 36 пайыз;
- Швейцария – 31 пайыз;
- Индонезия – 32 пайыз;
- Малайзия – 24 пайыз;
- Камбоджа – 49 пайыз;
- Ұлыбритания – 10 пайыз;
- Оңтүстік Африка – 30 пайыз;
- Бразилия – 10 пайыз;
- Бангладеш – 34 пайыз;
- Сингапур – 10 пайыз;
- Израиль – 17 пайыз;
- Филиппин – 17 пайыз;
- Чили - 10 пайыз;
- Пәкістан – 29 пайыз;
- Шри-Ланка – 44 пайыз;
- Сербия – 37 пайыз;
- Мадагаскар – 47 пайыз;
- Мьянма – 44 пайыз;
- Лаос – 48 пайыз.
Ең жоғары баж салығы - 50% - Лесото мен Францияның Сен-Пьер мен Микелон аумағына бекітіледі.
"Бұған қоса, Америка Құрама Штаттары экономиканы қалпына келтіруге және алаяқтықтың алдын алуға көмектесу үшін басқа елдерге 10 пайыз деңгейінде ең төменгі базалық тариф енгізеді", - деп қосты Трамп.




Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2232651-tramp-qazaqstanga-zhane-alemning-180-nen-astam-eline-bazh-salygyn-engizetinin-malimdedi/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде