"Трамп әкімшілігін сынға алған": АҚШ сенаторы 25 сағат сөйлеп, рекорд орнатты
Жарияланған күні:

Демократ Кори Букер АҚШ сенатының тарихында ең ұзақ сөз сөйлеп, рекорд орнатты. Ол әріптестерінің алдында 25 сағат сөйлеген, деп хабарлайды 24KZ.
Демократ әңгімесін 31 наурызда кешкі 19:00-де бастап, 1 сәуірде кешкі 20:00-де бір-ақ аяқтаған. Букер көбіне Трамп әкімшілігінің іс-әрекеттерін айыптаған.
Ол федералдық бюджет шығындарын қысқарту бағдарламасын, білім министрлігін тарату және мигранттарды қуу бастамаларын сынға алған.
Бұған дейінгі рекорд сенатор-демократ Стром Термондқа тиесілі болатын. Ол 1957 жылы 24 сағат 18 минут сөйлеген.
Айта кетейік, Ақ үйде өткен баспасөз жиынында АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар елге, соның ішінде Қазақстанға да баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді. Өз сөзінде Трамп әртүрлі елдерге арналған тарифтер жазылған кестені көрсетті. Онда тарифтердің мөлшері 50 пайызға дейін жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2232822-aqsh-senatory-25-sagat-soilep-rekord-ornatty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде