Зектілері

Францияда бірнеше түрмеге шабуыл жасалды: билік теракт деп бағалап отыр

Жарияланған күні:

түрме торы
Түрме торы. Көрнекі фото: JohnnyGreig / Getty Images

Сейсенбіге қараған түні Францияның бірнеше түрмесіне шабуыл жасалды. Белгісіз біреулер түрменің көлік тұрағында тұрған автомөліктерді өртеп жіберіп, ал түзету мекемелерінің біріне автоматикалық қарудан атқан, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметі.

Түрмелерге шабуыл жасалғанын әлеуметтік желіде Францияның әділет министрі Жеральд Дарманен растаған.

"Бірнеше түрмеде қызметкерлерді қорғау талпынысы жасалған. Автомөбильдерді өртеуден автоматикалық қарудан атуға дейін. Тулонға, оқиға орнына, бұл мекемелердің қызметкерлерін қолдау үшін шығып бара жатырмын. Франция алдында есірткінің заңсыз айналымы проблемасы тұр және біз шаралар қабылдап жатырмыз",- деді ол.

Le Parisien газетінің мәліметінше, жалпы алғанда жеті мекемеге шабуыл жасалған: елдің оңтүстігінде бес түрме (Тулонда, Экс-ан-Прованста Марсельде, Валанс және Нимде) және Париж түбінде екеу (Виллепинт және Нантерде).

Әзірге ешбір қылмыстық топ шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2235996-frantsiiada-birneshe-turmege-shabuyl-zhasaldy-bilik-terakt-bolganyn-malimdedi/