Рим Папасы Франциск қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
21 сәуірде 88 жастағы Рим Папасы Франциск Ватикандағы резиденциясында қайтыс болды, деп хабарлайды Ватикан жаңалықтарының ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ватиканнан Рим Папасы Франциск қайтыс болды деген хабар жетті.
"Рим Папасы Франциск Пасха дүйсенбісінде, 2025 жылы 21 сәуірде, 88 жасында Ватикандағы өзінің резиденциясында, Каса-Санта-Мартада қайтыс болды", - делінген Ватиканның Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Рим Папасы Франциск 14 ақпанда бронхит диагнозымен Римдегі Агостино Гемелли ауруханасына жатқызылған болатын. Кейін оған пневмония диагнозы қойылды. 20 ақпанда Рим Папасының денсаулығы сәл жақсарғаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2237733-rim-papasy-frantsisk-qaitys-boldy/