Зектілері

Үндістанда туристерге шабуыл жасалды: 20-дан астам адам жарақат алып, бірнешеуі көз жұмды

Жарияланған күні:

Жарақат алған турист.
Жарақат алған турист. Фото: Waseem Andrabi/Hindustan Times via Getty Images

Үндістанның солтүстігіндегі Джамму мен Кашмир одақтас аймағында болған қарулы шабуылдан кемінде 25 турист қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алған, деп хабарлады ТАСС-қа сілтеме жасаған kazinform.kz.

Бұл туралы The Print порталы қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы дереккөздерге сілтеме жасап мәлімет таратты. Алайда өзге үнді ақпарат құралдары қайтыс болғандар санына қатысты әртүрлі дерек келтіруде. Ресми билік әзірге нақты санды жариялаған жоқ. 

Шабуыл Пахалгам аймағында болған. Белгісіз қарулы адамдар Байсаран аңғары бойымен жаяу көтеріліп келе жатқан туристерге оқ жаудырған. Оқиға орнына дереу қауіпсіздік күштері мен медицина қызметкерлері келген. Жергілікті билік бұл шабуылды лаңкестік әрекет деп атады.

Үндістан gремьер-министрі Нарендра Моди Сауд Арабиясына сапары барысында елдің Ішкі істер министрі Амит Шахпен телефон арқылы сөйлесіп, барлық қажетті шараны қабылдауды және оқиға орнына баруды тапсырды. 

Өз кезегінде министр Амит Шах бұл жантүршігерлік шабуылдың ұйымдастырушылары жазасыз қалмайтынын айтып, Джамму мен Кашмирге жол тартып кеткенін хабарлады. Онда ол барлық ведомствомен шұғыл қауіпсіздік кеңесін өткізбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2238327-undistanda-turisterge-zhasalgan-shabuyldan-birneshe-adam-qaza-tapty/