jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Түркияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды (видео)

Стамбұл қаласы
Стамбұл қаласы. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркияда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл ақпаратты елдің ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жер сілкінісінің ошағы Стамбұл провинциясының Силиври ауданында орналасқан.

Оның мәліметінше, жер сілкінісі көрші провинцияларда да сезілген.

AFAD (Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқарма – ред. ескертпесі) және басқа да жауапты мекемелердегі топтар қандай залал келгенін анықтау жұмыстарын бастап кеткен.

"Құдай, біздің мемлекетімізді және халқымызды апаттан сақтасын!" - деп жазды ол.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, Стамбұлда жерасты дүмпулері қайталанған. Тұрғындар көшеге жүгіріп шыққан. Электр қуатында ақаулар болған.

Сол сәтте қалада болған агенттік тілшісінің айтуынша, люстралар тербеліп, жиһаздар сықырлап, аз уақытқа электр қуаты өшіп қалған.

РБК басылымының жазуынша, Стамбұлдың шетіндегі Бююкчекмедже ауданында жергілікті уақытпен сағат 12:51-де және 13:02-де магнитудасы 4,4 және 4,9 болатын тағы екі жер сілкінісі тіркелген.

Түркияда 6,2 балдық жер сілкінісі болды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.