Зектілері

Путин Жеңістің 80 жылдығына орай уақытша бітім жариялады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Contributor / Getty Images

Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығына орай уақытша бітім жариялады. Ресей Украина тарапы да осыны ұстануы тиіс деп санайды. Бұл туралы Кремльдің баспаөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кремльдің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша Путиннің шешімімен Жеңістің 80 жылдығы күндері Ресей тарапы 8 мамыр сағат 00:00-ден бастап 11 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ге дейін бітім жариялайды.

"Бұл аралықта барлық ұрыс қимылы тоқтайды. Ресей Украина тарапы да осыны ұстануы тиіс деп санайды. Украина тарапы бітімді бұзған жағдайда Ресей Федерациясының Қарулы Күштері адекватты жауап береді.

Ресей Федерациясы Украина дағдарысының алғашқы себептерін жоюға, халықаралық әріптестермен конструктивті ынтымақтастық орнатуға бағытталған, алдын ала шарттарсыз бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын екенін тағы да мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2240169-putin-zhengisting-80-zhyldygyna-orai-uaqytsha-bitim-zhariialady/