jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

АҚШ-тан бір топ қазақстандық депортацияланды

ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтарын елден депортациялады, деп хабарлайды Fox News арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарнаның хабарлауынша, Өзбекстан депортацияланған азаматтарды қабылдауға келіскен, сонымен қатар АҚШ-тан мигранттарды қайтару үшін чартерлік ұшақтың ақысын да толық төлеген.

АҚШ ведомствосының мәліметінше, АҚШ-тан Өзбекстанға 131 заңсыз мигрант, оның ішінде Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары депортацияланған.

Телеарна тілшілері мигранттарды қабылдауші елдің есебінен шығару туралы мәміле Трамп билікке келгеннен бергі бірінші жайт екенін айтады. Трамп әкімшілігі бұл келісімді басқа елдерге АҚШ-пен иммиграция мәселесі бойынша қалай жұмыс істеуі керек екені жөнідегі үлгі деп атаған.

Келісім Мемлекеттік департамент, Ішкі қауіпсіздік министрлігі, Ақ үй және Ұлттық қауіпсіздік кеңесі өкілдерінің өзбекстандық әріптестерімен бірнеше ай бойғы дипломатиялық өзара іс-қимылының нәтижесі деп атап өтті журналистер.

"Біз Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке 131 заңсыз иммигрантты еліне қайтару үшін рейс жібергені үшін алғыс айтамыз.

Біз Өзбекстанмен өзара қауіпсіздігімізді нығайтып, заң үстемдігін сақтау бағытында жұмыс істеуді жалғастырамыз" - деді ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноем.

Еске сала кетсек, қаңтардың соңында Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігі көші-қон саясатының қатаңдатылуына байланысты сол елде жүрген қазақстандықтарға үндеу жасаған. АҚШ шекара қауіпсіздігін нығайту және заңсыз көші-қонды азайту мақсатында көші-қон саясатын күшейтті.

АҚШ-тан бір топ қазақстандық депортацияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.