jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Германияда адамдарды тағы көлік қақты, жарақат алғандар бар

Германиядағы қайғылы жағдай
Германиядағы қайғылы жағдай. Фото: x.com/Cityintel1

Германияның Штутгарт қаласында көлік бір топ адамға соқтығысып, сегіз адам жарақат алды, оның үшеуінің жағдайы ауыр, деп жазады kazinform.kz.

Полиция департаменті көліктің адамдарды басуы салдарынан зардап шеккендер бар екенін хабарлады. Бұл ретте полиция бұл оқиғаның шабуыл немесе әдейі жасалған әрекет екеніне ешқандай дәлел жоқ екенін атап өтті. Олардың сөзінше, оқиға жол-көлік апаты ретінде қарастырылып жатыр.

Өрт сөндіру қызметі сегіз адамның жарақат алғанын, оның үшеуінің жағдайы ауыр екенін хабарлады. Зардап шеккендерге медициналық көмек толық көлемде көрсетілген. Ал көлікпен адамдарды қағып кеткен 42 жастағы жүргізуші ұсталды.

Еске салсақ, соңғы уақытта Германияда осыған ұқсас бірнеше шабуыл болды. 2024 жылдың желтоқсанында Магдебургте Сауд Арабиясының тумасы, 50 жастағы психиатр Рождестволық базар қонақтарын көлікпен басып өтіп, салдарынан алты адам қайтыс болды. Ақпан айының ортасында 24 жастағы ауған босқыны өз көлігімен Мюнхендегі демонстранттар тобын қағып кетті.

Оқиға орнында жас әйел мен бала тіл тартпай кетті. Ал наурыз айының басында Германияның Мангейм қаласында бір топ адамды көлік басып кетті. Қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде бір адам қайтыс болды. Тағы 25-і жарақат алды, олардың 15-інің жағдайы ауыр екені айтылды.

Германияда адамдарды тағы көлік қақты, жарақат алғандар бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.