"Премьер-министрді қорқытпақ болған": елес болып киініп келген депутат парламент отырысының шырқын бұзды
Опубликовано:
Читать на русском
Елес болып киініп келген италиялық депутат Риккардо Маджи парламент отырысының шырқын бұзды, деп хабарлайды РИА Новости-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның италиялық телеарналарға сілтеме жасап жазуынша, күтпеген жағдай Италия премьер-министрі Джорджа Мелони парламент мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп жатқан кезде болған.
+Еуропа солшыл оппозициялық партиясының хатшысы Риккардо Маджи басына ақ жайма жамылып, отырысқа кіріп келген. Сөйтіп бірден премьер-министр отырған мінберге беттеген.
Осылайша, ол елде 8-9 маусымда бес мәселе бойынша өтетін референдумға қатысты үкіметтің позициясына қарсылық білдірген.
Алайда депутаттың бұл әрекеті Мелонидің қытығына тимеген сыңайлы, ол бұл жағдайды күлімсіреп қарап бақылаған. Ал Маджи дереу парламент залынан шығарылған.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2245350-premer-ministrdi-qorqytpaq-bolgan-eles-bolyp-kiinip-kelgen-deputat-parlament-otyrysynyng-shyrqyn-buzdy-video/