jitsu gif

АҚШ-тың экс-президенті Джо Байден қатерлі ісікке шалдықты

Ақ үйдің алдында тұрған Джо Байден
Ақ үйдің алдында тұрған Джо Байден. Фото: Al Drago / Bloomberg / Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден қатерлі ісікке шалдықты, деп хабарлайды The New York Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, Джо Байденнен қуықасты безі қатерлі ісігінің агрессивті түрі анықталған. Метастаздар сүйекке тарап үлгерген.

Экс-президенттің дерті туралы оның кеңсесі хабарлаған.

"Аурудың түрі агрессивті болғанымен, емдеуге болады. Президент пен оның отбасы өздерінің дәрігерлерімен кеңесіп, емдеу нұсқаларын қарастырып жатыр", - делінген АҚШ экс-президентінің кеңсесі таратқан хабарламада.

Қуықасты безі қатерлі ісігі бойынша мамандар Байденнің диагнозы ауыр екенін және қатерлі ісік сүйекке таралса, оны емдеу мүмкін емес екенін айтады. Алайда Дьюк университетінің қуықасты безі қатерлі ісігі бойынша сарапшысы, дәрігер Джадд Моулдың айтуынша, мұндай дертке шалдыққан ерлер бес, жеті, 10 немесе одан да көп жыл өмір сүре алады.

Айта кетейік, Джо Байден 82 жаста. Ол 2020-2024 жылдары АҚШ президенті болды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.