Грузия шетелдіктердің елде болу тәртібін қатаңдатпақ
Опубликовано:
Читать на русском
Грузияның Қылмыстық кодексіне жазаның жаңа түрі – шетел азаматын елден шығару, сондай-ақ елге кіруге тыйым салу енгізіледі, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның хабарлауынша, Грузия басшылығы шетел азаматтарының елде болу тәртібін қатаңдатады, Қылмыстық кодекске жазаның жаңа түрі – шетелдікті елден шығару және белгілі бір мерзімге елге кіруге тыйым салу енгізіледі. Бұл туралы "Грузин арманы" деп аталатын билік партиясының атқарушы хатшысы Мамука Мдинарадзе мәлімдеген.
"Қылмыстық кодекске жазаның жаңа түрі – шетелдіктерді Грузиядан шығару және белгілі бір мерзімге Грузияға кіруге тыйым салу енгізіледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де әкімшілік жазаның жаңа түрі – шетелдікті Грузиядан шығару және шетелдіктің Грузияға келуіне тыйым салу енгізіліп жатыр", - деді Мдинарадзе брифингте.
Оның айтуынша, Грузияда болу ережесін бұзған шетелдіктерге салынатын айыппұл да айтарлықтай артып, заңсыз иммигранттарды елден шығару процедурасы жеңілдетіледі.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы елшілігінің сайтында көрсетілгендей, Грузияға кіру үшін Қазақстан Республикасы азаматының (соның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар) ұлттық төлқұжаты болуы керек. Қазақстан азаматтарына Грузияға кіру үшін виза қажет емес. Қазақстандықтар Грузияда бір жыл визасыз бола алады.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2253839-gruziia-sheteldikterding-elde-bolu-tartibin-qatangdatpaq/