jitsu gif

Австрияда мектепте атыс болды: 11 адам көз жұмды

Австрия полициясы
Австрия полициясы. Фото: Erwin Scheriau/APA/AFP via Getty Images

Бүгін таңертең Австрияның Грац қаласындағы мектепте атыс болды. Қаза тапқандар саны 11-ге жетті.

Бұл туралы австриялық AUF1 телеарнасының сайтында хабарланды, деп жазады РИА Новости.

"16 жастағы оқушы қыздың AUF1 арнасына берген ақпаратына сүйенсек, қаза болғандар саны 11 адамға жетті, бұл туралы оған жедел жәрдем қызметкері айтқан. Ауыр жарақат алғандар тікұшақпен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп жатыр. Полицияның мәліметінше, күдікті зорлық-зомбылықтың құрбаны болған болуы мүмкін", - деп хабарлайды портал тілшісі.

Штирия жерінің полициясы Х желісінде операция әлі жүріп жатқанын мәлім етті. Оқиға орнында полиция тікұшағы жұмыс істеп жатыр.

Kurier басылымының хабарлауынша, атыс құралынан сол мектептің оқушысы оқ атқан болуы мүмкін. Мәліметке сүйенсек, ол оқиғадан кейін өзіне қол салған.

Тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.