jitsu gif branding logo appbranding logo app

БАҚ: Үндістанда ұшақ апатынан аман қалғандар бар

ұшақ
Ұшақ апаты болған жер. Фото: t.me/svezhesti

БАҚ бүгін Үндістандағы Ахмедабад әуежайының маңында болған ұшақ апатынан аман қалғандар туралы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

NDTV мәліметіне сүйенсек, ұшақ апатынан аман қалғандар бар. Оқиға орнына кем дегенде 20 жедел жәрдем барған. Олардың кейбірі зардап шеккендерді ауруханаға алып кеткен.

Еске сала кетейік, ұшақ тұрғын үйлер аумағына құлады. Полиция бұл ауданда көлік қозғалысына шектеу қойды.

ANI агенттігінің хабарлауынша, апат болған жерде өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Құтқару жасақтары жұмылдырылып, ұшақ апатынан зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін бар күш-жігер жұмсалуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмедабад әуежайының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз. Бортта, алдын ала мәлімет бойынша, 240-тан астам адам болды.

Ұшақ 12 маусымда көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған. Апатқа ұшыраған Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы Лондонға бағыт алған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.