Үндістандағы ұшақ апатынан кем дегенде 133 адам қаза тапқан
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін Үндістанда Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған ұшақ апатынан кем дегенде 133 адам қаза тапқан. Ұшақта шетел азаматтары да болған.
Air India әуекомпаниясының мәліметінше, жолаушылардың – 169-ы Үндістан, 53-і Ұлыбритания, жетеуі Португалия және біреуі Канада азаматы.
Бортта барлығы 242 адам болған. Олардың 12-сі – экипаж мүшесі.
"Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
India Today басылымының азаматтық авиация басқармасына сілтеме жасап жазуынша, ұшақ көкке көтерілгеннен кейін бес минуттан кейін апатқа ұшыраған.
Ұшақ тұрғын үй аумағына құлаған. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.
News 18 басылымының жазуынша, қайғылы оқиға салдарынан кем дегенде 133 адам қаза тапқан.
Сондай-ақ басылым елдің премьер-министрі Нарендра Моди азаматтық авиация және ішкі істер министрлеріне Ахмедабадқа барып зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырғанын жазады.
Ұшақ апатына байланысты әзірге Ахмедабад әуежайының жұмысы тоқтатылған.
Айта кетейік, бұған дейін Үндістанда Air India әуекомпаниясының Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. Әуе кемесі Ахмедабад қаласынан Лондонға бағыт алған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2254817-undistandagy-ushaq-apatynan-kem-degende-133-adam-qaza-tapqan/