jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Жәндік шаққан 53 жастағы атақты миллиардер мезгілсіз қаза болды

Жедел жәрдем
Лондондағы жедел жәрдем. Көрнекі сурет: Mike Kemp/In Pictures via Getty Images

Поло ойыны кезінде әйгілі миллиардер Санджай Капур қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Daily Mail басылымының мәліметінше, Англияда поло матчы кезінде үнді текті миллиардер, ханзада Уильямның жақын досы Санджай Капурдың өмірі қиылды. Оқиға спорт алаңында, командаластарының көз алдында болған.

Алдын ала нұсқаға сәйкес, Капурдың аузын бал арасы шаққан. Бұл анафилактикалық шок тудырып, жүрек талмасына әкелген болуы мүмкін. Медициналық көмек дереу көрсетілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Санджай Капур – әлемдік автокомпонент индустриясында жетекші компаниялардың бірінің директорлар кеңесінің төрағасы болған беделді кәсіпкер. Оның тосын өлімі Ұлыбритания мен Үндістанда қызу талқыға түсті.

Ресми мәліметтер әлі нақтыланбаған, дегенмен қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

Жәндік шаққан 53 жастағы атақты миллиардер мезгілсіз қаза болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.