jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандықтар Ираннан Түрікменстан арқылы эвакуацияланды: Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

Түрікменстан туы
Түрікменстан туы. Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі Ираннан эвакуацияланған қазақстандықтарға гуманитарлық көмек көрсетілгенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сай, Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ел шетелдік дипломаттар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ қазіргі уақытта Иранда жүрген басқа да азаматтарға өз аумағы арқылы еліне оралуға мүмкіндік берген.

"Бүгінгі таңда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа да елдерден 120-ға жуық адам Түрікменстанның мемлекеттік шекарасын өткізу пункттері арқылы кесіп өтті.

Келгендер көлікпен, азық-түлікпен, қонақүйлермен және қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Түрікменстанның тиісті мемлекеттік органдары шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.