jitsu gif branding logo appbranding logo app

АҚШ билігі Иранға соққы жасағаннан кейін өз азаматтарына лаңкестік шабуыл қаупі туралы ескертті

АҚШ туы
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ билігі Иранға жасаған соққыдан кейін елге лаңкестік шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті - Ұлттық террористік қауіп-қатер туралы ескерту жүйесі тиісті бюллетень таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ел билігі Иранда болып жатқан қақтығыс АҚШ-қа үлкен қауіп төндіретінін айтты. Ескерту 22 маусымда АҚШ Иранның бірқатар нысанына шабуыл жасағаннан кейін жасалды.

Ескерту 22 қыркүйекке дейін күшінде.

Азаматтарға жақын болашақта Иранды қолдайтындар америкалық желілерге кибершабуыл жасауы мүмкін екені ескертілді.

"Сонымен қатар Иран 2020 жылдың қаңтарында ажал құшқан ирандық әскери қолбасшының өліміне жауапты АҚШ деп санап, америкалық шенеуніктерге көптен бері шабуыл жасауды көздеп келеді. Егер Иран басшылары шабуылға қарсы зорлық-зомбылық көрсетуге шақыратын діни жарлық шығаратын болса, елдегі жауынгер экстремистердің қақтығысқа жауап ретінде зорлық-зомбылыққа өз бетінше жұмылу ықтималдығы артуы мүмкін", - делінген бюллетеньде.

Елде болған соңғы кездегі көптеген лаңкестік әрекет антисемиттік немесе антиизраильдік көңіл-күйден туындағаны атап өтіледі.

"Қақтығыс АҚШ-та жүрген адамдарды жаңа шабуылдар жасауға итермелеуі мүмкін", - дейді АҚШ билігінің өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.