jitsu gif branding logo appbranding logo app

Иранның сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге аттанды

Аббас Арагчи
Аббас Арагчи. Фото: Sedat Suna/Getty Images

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ шабуылынан соң Мәскеуге аттанды. Ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, қазір болып жатқан жағдайды талқылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды IRNA агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Агенттіктің хабарлауынша, Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи АҚШ пен Израильдің Ислам республикасы аумағында жасаған соққыларына байланысты Ресей президенті Владимир Путин және басқа да ресми тұлғалармен аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылау үшін Мәскеуге келді.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Иран сыртқы істер министрі бұған дейін брифингте Владимир Путинмен 23 маусымда кездесу күтіліп отырғанын айтқан. Аббас Арагчи Ресей мен Иранды стратегиялық серіктестік байланыстыратынын атап өтті.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресей тарабы Иран сыртқы істер министрінің Мәскеуге келгенін растады. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.

"Иран сыртқы істер министрі Мәскеуге бірқатар келіссөз жүргізу үшін келгенін растаймыз", - деді дипломат.

АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына шабуылы

Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп халыққа үндеу жасап, АҚШ Ирандағы үш ядролық нысанға - Фордоу, Натанз және Исфаханға шабуыл жасағанын мәлімдеген. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху халыққа жолдауында Трампқа Иранның ядролық нысандарына жасаған соққылары үшін алғыс айтты.

Иран Сыртқы істер министрлігі өкілдері АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылының салдары үлкен болатынын айтты. Иран билігі АҚШ-тың шабуылына қарамастан ядролық энергетиканы дамытуды тоқтатпайтынын мәлімдеді.

Осыдан кейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарын бомбалауын бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қатер деп атады. Ал конгресс депутаты Александрия Окасио-Кортес Иранға жасалған шабуыл импичмент жариялауға негіз болғанын айтты.

Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде "әлемнің біз жақ бөлігінде" орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіпті салдарына байланысты халықаралық жағдай тез нашарлап бара жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде Йеменнің солтүстігін басқарып отырған "Ансар Алла" әскери-саяси қозғалысы АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққысын айыптап, Тегеранға қолдау көрсетуге уәде берді. Осы уақытта Трамп әкімшілігі алдағы 48 сағатта Иранның кек алып қалуы мүмкін екенін ескеріп, соған дайындалып жатқаны белгілі болды.

Президент Дональд Трамп кеше кешкісін әлеуметтік желіде Иранда режим өзгеруі мүмкін екенін жоққа шығармайтынын айтты. Сонымен қатар Иранның БҰҰ-дағы елшісі Амир Саид Иравани БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін АҚШ пен Израильге қарсы шара қолдануға шақырды.

Бүгін Иранның ядролық нысандарына жасалған шабуылдардан кейін Иран қолдайтын күштер Ирак пен Сириядағы АҚШ базаларына соққы беруі мүмкін екені хабарланды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.