jitsu gif branding logo appbranding logo app

Иран Қатар мен Ирактағы америкалық базаларға соққы жасады (видео)

Иран тұрғыны өз елінің туын ұстап тұр
Иран тұрғыны өз елінің туын ұстап тұр. Фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto via Getty Images

Иран Қатарда орналасқан америкалық әскери базаларға қарсы операцияны бастады. Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлады. Одан бөлек Ирактағы АҚШ базасына да шабуыл жасалған деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Tasnim ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған басылым АҚШ базаларына қарсы операция "Жеңіс туралы жақсы хабар" деп аталады.

Қатар қорғаныс министрлігінің мәліметіне сай, Иран соққыларынан адам шығыны болған жоқ.

Иран Қатардағы америкалық базаларға 10 зымыран, ал Ирактағы америкалық базаға 1 зымыран жіберген. Бұл туралы Ynet-ке сілтеме жасаған ТАСС хабарлайды.

Сондай-ақ Иран әскери күштері Қатардағы АҚШ-тың Әл-Удейд әскери базасына соққы жасалғанын растады.

РБК дерегінше, Иранның Ислам революциясы күзет корпусы (IRGC) Қатардағы америкалық базаларға жасалған зымырандар соққысынан кейін мәлімдеме жасаған.

"Қарулы күштер қатарындағы ұлт ұлдарының Ақ үй және оның одақтастарына арнаған жолдауы айқын және нақты: "Иран ислам мемлекеті Ұлы Аллаға иек артып және исламдық Иранның халқына арқа сүйей отырып, өзінің аумақтық тұтастығына, егемендігіне және ұлттық қауіпсіздігіне жасалған қарсы әрекеттерді ешбір жағдайда жауапсыз қалдырмайды", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге басылым болған жайтқа қатысты Қатар СІМ-нің мәлімдемесін де ұсынған.

Ведомство мәлімдемесіне сай, Иранның соққысы Қатар мемлекетінің егемендігі мен әуе кеңістігіне жасалған, сондай-ақ Біріккен Ұлттар ұйымы жарғысы мен халықаралық құқықты сорақы түрде бұзу деп санайды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.