jitsu gif branding logo appbranding logo app

Өзбекстан президенті үлкен қызын жаңа қызметке тағайындады

Саида Мирзиеева
Саида Мирзиеева. Фото: t.me/Press_Secretary_Uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев үлкен қызы Саиданы Президент әкімшілігінің басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Мирзиеевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ NUR.KZ.

Асадовтың мәліметінше, Президент әкімшілігінің құрылымында өзгерістер болған.

"Президент әкімшілігінің басшысы лауазымы қайтадан енгізілді. Президент жарлығымен бұл қызметке Мирзиеева Саида Шавкатқызы тағайындалды", - деп жазды Шерзод Асадов Telegram-дағы арнасында.

Айта кетейік бұған дейін Саида Мирзиеева президенттің көмекшісі қызметін атқарды. Ол бұл қызметке 2023 жылғы тамызда тағайындалған еді.

Оған дейін Президент әкімшілігі атқарушы аппаратының коммуникациялар және ақпараттық саясат секторының меңгерушісі болды.

Сондай-ақ Саида Мирзиеева Президент әкімшілігі жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары, Өзбекстанның ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту қорының қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.