jitsu gif branding logo appbranding logo app

БАҚ: Индонезияда Қазақстанның екі азаматы ұсталды

Қолына кісен таққан ер адам
Қолына кісен таққан ер адам. Көрнекі фото: zoka74 / Getty Images

Индонезия билігінің өкілдері есірткі тасымалдады деген күдікпен 285 адам ұсталғанын мәлімдеді. Ұсталғандардың арасында екі қазақстандық бар, деп хабарлайды Times of India басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, Индонезия билігі екі айға созылған операция барысында есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен 285 адамды, оның ішінде 29 әйел мен жеті шетелдікті ұстады және жарты тоннадан астам есірткі тәркілеген.

Есірткіге қарсы ұлттық агенттік басшысы Мартинус Хукомның айтуынша, сәуірден маусымға дейін 20 провинцияда жүргізілген операция барысында екі есірткі синдикаты арқылы ақшаны жылыстату схемалары ашылып, 26 млрд рупийден (шамамен 1,5 млн АҚШ доллары) асатын активтер тәркіленген.

Агенттік басшыларының орынбасарларының бірі құзырлы органдар 683 885 грамм (0,68 тонна) метамфетамин, марихуана, экстази, ТГК, гашиш және амфетамин тәркілегенін нақтылады.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша ұсталған жеті шетелдік азаматтың ішінде америкалық, екі қазақстандық, екі малайзиялық, бір үндістандық және бір австралиялық бар.

Мақала авторларының мәліметінше, Индонезия есірткіге қарсы қатаң заңы бола тұра және контрабандамен айналысқандардың кейде ату жазасына кесілетініне қарамастан, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы есірткі саудасының негізгі орталығы болып отыр.

NUR.KZ тілшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне хабарласып, жағдайға қатысты түсінік беруін өтінді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.