jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бейжіңде нөсер жауын салдарынан 30 адам қаза тапты

Қытайдағы су тасқыны
Қытайдағы су тасқыны. Фото: Yuan Yi/Beijing Youth Daily/VCG via Getty Images

Қытайда толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеліп, салдарынан Бейжіңде 30 адам қаза тауып, 80 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілген. Елдің солтүстігінде тасқын салдарынан таудан көшкін жүріп, 8 адам қайтыс болған.

Синьхуа агенттігінің Бейжің қаласының су тасқынына қарсы штабына сілтеме жасап жазуынша, нөсер жауын салдарынан Бейжіңнің Миюнь ауданында 28 адам, Яньцин ауданында екі адам көз жұмған.

Қала бойынша 80 332 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Нөсер салдарынан 31 жол учаскесі бүлініп, 136 ауыл жарықсыз қалған.

Сонымен қатар Қытайдың солтүстігіндегі Чэндэ, Таншань, Ланфан және Циньхуандао қалаларында да су тасқыны болған.

Таудан көшкін жүруіне байланысты Хэбэй провинциясының 15 округінде қауіптіліктің "қызыл" деңгейі, 6 округінде "қызғылт сары" деңгейі жарияланған.

Осы провинциядағы көшкін салдарынан сегіз адам қаза тауып, төрт адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Бейжіңде нөсер жауын салдарынан 30 адам қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.