jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Путин мен Зеленский кездеседі: тарихи келіссөздер қай қалада өтуі мүмкін

Ресей және Украина туы
Ресей және Украина туы. Көрнекі фото: news-front.info

Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің кездесуі Еуропада өтуі мүмкін, бірақ қай ел екені әлі белгісіз. Ал Путин Украина президентімен кездесуге келіскен.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайты Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың Fox News телеарнасына берген сұқбатының стенограммасын жариялады. Сұқбатта Рубио Владимир Путиннің Зеленскиймен кездесуге дайын екенін айтты.

"Путиннің "Әрине, Зеленскиймен кездесемін" деп айтқанының жөні бөлек. Мен "олар сол бөлмеден шыққан соң жақын дос боп кетеді" деп айтып тұрған жоқпын. Ол жерде екеуі бейбіт келісімге келеді деп те айтпаймын. Бірақ екеуінің бір-бірімен сөйлесе бастағаны маңызды деп ойлаймын. Үш жарым жыл ондайды көрмедік", - деді Руби.

Sky News басылымына мәлім болғандай, АҚШ еуропалық дипломаттарға Дональд Трамп, Владимир Зеленский және Владимир Путиннің алдағы үшжақты кездесуіне дайын болуды сұрады.

"Егер соңғы сәтте еш өзгеріс болып қалмаса, АҚШ пен ЕО одақтастары кездесуді Еуропада өткізуге келісті. Джорджия Мелони кездесу орны ретінде Римді, ал Эммануэль Макрон Женеваны ұсынды.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Зеленский мен Трамп Римді, атап айтқанда Ватиканды, ал Путин Женеваны қалайды", - деп жазады басылым.

Италия мен Швейцария сыртқы істер министрліктері келіссөздер жүргізуге дайын екенін алға тартты, ал ЕО дипломаттары басқа нұсқаларды да қарастырып жатыр, олардың қатарында Будапешт пен Хельсинки бар.

Еске сала кетейік, кеше Ақ үйде Дональд Трамп Зеленскиймен кездесті. Журналистерге берген жауабында Трамп пен Зеленский де соғыстың аяқталғанын қалайтынын жеткізді.

"Соғыс аяқталады. Бірақ нақты қашан аяқталатынын айта алмаймын. Соғыстың аяқталғанын Зеленский де, Путин де қалайды. Меніңше, бұл соғыстан әлем де шаршады. Оны тоқтататын уақыт келген сияқты", - деді америкалық басшы.

Путин мен Зеленский кездеседі: тарихи келіссөздер қай қалада өтуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.