jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ауғанстандағы жер сілкінісінен 600-ден астам адам қаза тапты (видео)

Ауғанстандағы жер сілкінісі
Ауғанстандағы жер сілкінісі. Фото: x.com/nabilajamal_

Ауғанстанда күші 6 балдық жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 622 адам қаза тауып, 1300-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды NBC News-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап жазуынша, жер сілкінісі Пәкістанмен шекараға жақын жерде жергілікті уақыт бойынша шамамен түн ортасында болған.

Төтенше жағдай болған аймақта ауқымды құтқару операциясы басталған. Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, табиғи апат шалғай таулы аймақта тіркелгендіктен, одан келген залалдың көлемі туралы нақты ақпарат алу үшін уақыт керек.

Ауғанстан ішкі істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, кейінгі мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісі салдарынан 622 адамның қаза тапқаны және 1300-ден астам адамның жарақат алғаны белгілі болған.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккен 1000 адам эвакуацияланып, ауруханаға жатқызылған.

Айта кетелік, әлеуметтік желіде оқиға орнынан фото, видео кадрлар таралып жатыр.

Ауғанстандағы жер сілкінісінен 600-ден астам адам қаза тапты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.