jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Макрон АҚШ полициясы көлігін өткізбей қойған соң жаяу жүруге мәжбүр болғанын айтып, Трампқа қоңырау шалды (видео)

Макрон
Эммануэль Макрон. Видеодан кадр: tiktok.com/@brutofficiel

Желі қолданушылары Франция президенті Эммануэль Макронның АҚШ-та басынан кешкен оқиғасын талқылап жатыр. Жергілікті полиция оның жолын жауып тастаған. Макрон Трампқа телефон соғуға мәжбүр болған.

Желіде Франция президенті Эммануэль Макронның АҚШ-та полиция қызметкерімен сөйлесіп, кейін белгісіз біреуге телефон шалған сәтінен видео жарияланды. Оқиғаның мән-жайы туралы кейін француздық BFMTV телеарнасы хабарлады.

Газета.ru басылым деректерін орыс тіліне аударып жариялады. Онда бұл оқиға Макронның БҰҰ штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінен кейін болғаны айтылған, оның көлігіне ғимарат маңында жергілікті полиция тосқауыл қойылған.

"Полиция тосқауыл қойғаннан кейін Франция президенті Трампқа қоңырау шалды, бірақ көп күткісі келмей, Франция елшілігіне жаяу бармақшы болды. Жол тек жаяу жүргіншілерге ашық болғандықтан, Макрон АҚШ президентімен әңгімесін көшеде жалғастырды", - деп жазады басылым тілшісі.

"Известия" газеті Макронның Трампқа айтқан сөздерін жариялады.

"Елестетіңізші, мен қазір сыртта күтіп тұрмын, өйткені сізге дейін бәрі жабық", - дейді Франция басшысы.

@brutofficiel

Quand Emmanuel Macron appelle Donald Trump car le convoi du président américain le bloque dans les rues de New-York. 

♬ son original - Brut.

Макрон АҚШ полициясы көлігін өткізбей қойған соң жаяу жүруге мәжбүр болғанын айтып, Трампқа қоңырау шалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.