jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Үндістанда туристер мінген автобус өртеніп, 20 адам қаза тапты (фото, видео)

өрт
Өртенген автобус. Видеодан кадр: x.com/NewsMeter_In

Үндістанда туристерге толы автобус мотоциклмен соқтығысып, өртке оранды. Салдарынан 20 адам қаза тапты. Оқиға бүгін таңертең болған, деп хабарлайды Indian Express-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жантүршігерлік оқиға Андхра-Прадеш штатында болды. Автобус Хайдарабадтан Бангалорға кетіп бара жатқан. Өрт мотоциклмен соқтығысқаннан кейін шыққан. Басылымның мәліметінше, автобустың жанармай багы тұтанған.

Алдын ала мәлімет бойынша, мотоцикл жанармай багын зақымдаған. Жүргізушілердің бірі өртті байқап, ұйқтап жатқан екінші жүргізушіні оятқан. Олар өрттің ауқымын дұрыс бағаламай оны өздері сумен сөндіруге тырысқан.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға кезінде автобуста 41 адам болған. Ресми тұлғалардың айтуынша, 21 жолаушы зардап шекпеген. Ал 20 адам қаза тапқан.

Биліктің мәліметінше, оқиға орнында қаза тапқандардың денесін шығау және ДНҚ жинау жұмыстары басталды.

Премьер-министр Нарендра Моди оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қаза тапқандардың отбасына қаржылай көмек көрсетуге уәде берді.

Үндістанда туристер мінген автобус өртеніп, 20 адам қаза тапты (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.