jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қытайда ұшатын автокөліктердің жаппай өндірісі басталды

ұшатын автокөлік
Ұшатын автокөлік. Фото: instagram.com/xpeng_global

Қытайда ұшатын көліктердің сынақ түріндегі өндірісі басталды. Сериялық өндіріс пен тапсырыс иелеріне жеткізу 2026 жылға жоспарланған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, қытайлық XPeng электромобиль өндіруші тігінен ұшып-қонатын электрлік ұшатын аппараттардың сынақ түріндегі өндірісін бастады.

Өндіріс Қытайдың оңтүстігінде орналасқан әлемдегі алғашқы зияткерлік зауытта жүріп жатыр. Компания қазірдің өзінде алғашқы алынбалы-салынбалы электрлік ұшатын аппаратты – Land Aircraft Carrier-ді шығарып үлгерді.

"Зауыттың жобалық өндірістік қуаты – жылына 10 000 алынбалы-салынбалы авиациялық модуль, бастапқы қуаттылығы – 5 000 бірлік. Бұл әлемдегі басқа да ұқсас зауыттармен пара-пар ең ірі өндірістік қуат. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін әр 30 минут сайын бір ұшатын аппарат құрастырады", - деп жазады басылым.

XPeng компаниясы алғашқы өнімін таныстырғаннан кейін 5000-ға жуық "ұшатын көлікке" тапсырыс алды. Сериялық өндіру және жеткізу 2026 жылға жоспарланған.

"Ұшатын көлік" алты дөңгелекті жерде жүретін көлік пен алынбалы-салынбалы электрлік тік ұшып-қонатын ұшу аппаратынан тұрады делінген. Ол автоматты және қолмен ұшу режимдерін ұсынады. Оның автоматты режимі жүру бағытын интеллектуалды жоспарлауға және бір рет басу арқылы көтеріліп ұшуға және қонуға мүмкіндік береді.

Жерде жүретін көлік құралының ұзындығы шамамен 5,5 метр. Оны стандартты лицензиямен жалпыға ортақ жолдарда жүргізуге және тұрақтарға қоюға болады.

Қытайда ұшатын автокөліктердің жаппай өндірісі басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.