jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

ұшақ
АН-22 ұшағы. Көрнекі фото: Vladimir Shtanko/Anadolu Agency/Getty Images

Бүгін, 9 желтоқсанда Ресейде төтенше жағдай тіркелді, Иваново облысында ұшақ апатқа ұшырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ Ресей Қорғаныс министрлігіне тиесілі болған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бортында жеті адам болған Ан-22 ұшағы Иваново облысында апатқа ұшыраған. Ұшақ жөндеу жұмыстарынан кейін жоспарланған сынақ рейсін орындаған.

РЕН ТВ хабарлауынша, апат Фурманов ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Ресей қорғаныс министрлігіне тиесілі.

Telegram-дағы Shot арнасы Ан-22 әскери ұшағында жеті экипаж мүшесінің қаза тапқанын хабарлады. Ұшақ Уводское су қоймасының маңында құлаған. Ұшақтың бөліктері суда қалқып жүргені анықталды. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.

Ан-22 әскери-көлік ұшағы — Антонов әуекәсіпорны жасаған әлемдегі ең үлкен турбовинтті ұшақ.

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram