1 қаңтардан бастап тағы бір мемлекет еуромен есеп айырысуға көшеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Болгария ертең, 1 қаңтардан бастап еуромен есеп айырысуға көшеді. Бұл – еуроға көшкен еуроаймақтағы 21-ел. ЕО-да ұлттық валютасын сақтап қалған алты мемлекет ғана қалады, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.
Болгарияның премьер-министрі Розен Желязков еуро тек валюта ғана емес, Болгарияның Еуропадағы орнын нығайтатын стратегиялық таңдау екенін мәлімдеді.
Еуропалық орталық банктің басшысы Кристин Лагардтың айтуынша, еуроға көшу Болгария экономикасының нығаюына, оның жаһандық сын-қатерлерге төзімділігін арттыруға және еуроаймақта шешім қабылдау кезінде септігін тигізбек.
Басылымның жазуынша, еуроға көшуге қатысты жергілікті халықта ортақ пікір жоқ.
Мемлекеттің еуроға көшкенін қолдайтын адамдар бірыңғай еуропалық ақша бірлігі шетелден инвестицияның көптеп тартылуына, валюта айырбастау шығындарын жойып, Болгарияның Еуроодақ нарығында интеграциясын жақсартуға мүмкіндік беретінін айтады.
Ал бұған күмәнмен қарайтын тұрғындар инфляцияның күрт өсуінен қорқып отыр. Себебі еуроға көшкеннен кейін тауарлар мен қызметтердің бағалары қазіргі ұлттық валюта левпен емес еуромен көрсетіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2327426-1-qangtardan-bastap-tagy-bir-memleket-euromen-esep-aiyrysuga-koshedi/