jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Трамп қамауға алынған Венесуэла президентінің суретін жариялап, енді елді АҚШ басқаратынын мәлімдеді

Венесуэла президенті Николас Мадуро
Венесуэла президенті Николас Мадуро. Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде қамауға алынған Венесуэла президенті Мадуроның суретін көрсетті. Сондай-ақ ол енді Венесуэланы АҚШ уақытша басқаратынын мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Николас Мадуроның суретін президент Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған.

"Николас Мадуро USS Iwo Jima кемесінің бортында", - деп жазды Дональд Трамп.

Артынша АҚШ президенті өзінің Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденцясындағы баспасөз конференциясында енді Венесуэланы АҚШ билейтінін мәлім етті.

"Біз топпен бірге елді басқаруды жоспарлап отырмыз және бұл басқару тиісті дәрежеде болуы үшін барымызды саламыз. Қауіпсіз, дұрыс және ақылға қонымды билікті беру жүзеге асыра алған кезге дейін Венесуэланы басқармақпыз", - деді Трамп.

Президент басқару тобына қандай күштер немесе тұлғалар кіретінін айтпады.

Еске салсақ, Каракаста кем дегенде жеті жарылыс естіліп, қаланың бір бөлігі жарықсыз қалған болатын – жарылыс дыбыстары қаланың әр түрлі бөліктерінде, сондай-ақ Майкетиядағы Симон Боливар әуежайында және Ла-Гуайра портында естілді.

Кейінірек Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ-ты Венесуэланы бомбалады деп айыптап, БҰҰ-ның шұғыл отырысын өткізуге шақырды.

Венесуэла президенті Николас Мадуро кешенді ұлттық қорғаныс жүйесін дереу іске қосуды және ұлттық күштерді жұмылдыруды бұйырды. Елде төтенше жағдай жарияланды. Артынша Трамп Мадуро мен оның әйелі тұтқынға алынып, елден эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Трамп қамауға алынған Венесуэла президентінің суретін жариялап, енді елді АҚШ басқаратынын мәлімдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.